Басты бет / Жаңалықтар

Қазақстанда Beeline алғашқы 5G желісін іске қосты

18 қазан 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстанда Beeline-ның алғашқы 5G желісі жұмысын бастады. Мобильді байланыстың бесінші буынының сынақ аймағы Шымкент қаласында ашылды. Технология үш ай сыналып, 2019 жылы желтоқсанда сынақ аяқталады. Сынақ нәтижесі бойынша ұялы байланыс операторы технологияға қажет инвестиция туралы, 5G желісінің Қазақстандағы келешегі туралы сараптама алып, өз желісінің 5G желісін жаппай енгізуге дайындығын бағалайды.

5G желісі NOKIA қондырғыларына құрылған және ол үш базалық станция мен тірек желісінің қондырғыларынан тұрады. Желінің жалпы таралу ауданы – шамамен он үш шаршы шақырым. Бұл - жылдамдықты, функционалды сынауға, ғимараттың іші-сыртына сигналдың таралу деңгейін өлшеуге жетеді. Алдағы уақытта Шымкент тәжірибесі 5G желісін салудың және енгізудің дайын бизнес-кейсі болады. Яғни, Қазақстанның тәжірибесін Beeline желісінде де, Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения, Пәкістан, Бангладеш және басқа елдердегі VEON тобының компанияларында да 5G желісін енгізудің негізі болмақ.

«Біздің міндетіміз – 5G желісін техникалық тұрғыдан сынау ғана емес, сонымен қатар технологияны енгізу үшін мемлекеттік қандай реттеуші мәселелерді шешу керек екенін түсіну. Мысалы, жиіліктер мен инфрақұрылымға барлық оператордың тең қол жеткізуі мен мемлекеттік мекемелердің 5G желісін заманауи стандарттауы және сертификаттауы осы байланыс стандартының жаппай таралуына мүмкіндік береді. Нарықтың барлық қатысушысын ортақ 5G желісін салу бағытында бірігуге шақырамыз, себебі бұл өте қымбат және өзін-өзі ақтауы ұзақ уақытты қажет ететін технология. Қазақстандағы ұялы байланыстың бүкіл абонентінде 5G желісінің жылдамдығы мен артықышылықтарына қосылу келешегі тең болуы үшін, осы бағытта жұмыс істегіміз келеді», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

«Қазақстан осы өңірдегі негізгі нарық, біз мемлекетттің 5G желісінің белсенді дамытуға ықпал етуге деген талпынысын қолдаймыз. Бұл өте ауқымды сынақ жобасы, оны стратегиялық серіктесіміз Beeline-мен бірге жүзеге асырмақпыз, бұл сәт Қазақстанда 5G технологиясын кеңінен енгізу жолындағы маңызды кезең, ол абоненттерге ғана емес, байланыс саласына және жалпы экономикаға пайдасын тигізеді. Nokia-ның кешенді технологиялық 5G-шешімдерін және коммерциялық желілерде, сынақ аймақтарында 5G желісін енгізуге қатысты 100-ден астам жоба мен баламалы міндеттерді шешу шеңберінде жинаған тәжірибесінің арқасында жоба сәтті шықты», - деп Nokia-ның Орталық Және Шығыс Еуропа елдеріндегі және Орта Азиядағы вице-президенті Микко Лаванти.

Компанияда 5G желісін енгізу – соңғы абонентте ең кемі 1Гбит/секундты құрайтын, мобильді интернеттің жоғары жылдамдығымен шектелмейді. Осы байланыс стандартын коммерциялық тұтыну экономиканы, өнеркәсіпті, қалаларды цифрландыру үшін қажет. 5G желісі енгізілген соң, «Бұйымдар интернеті» тәрізді технологияны дамыту бағыты жалпы мазмұнға ие болады деп санайды

5G желісін жаппай енгізу дайындығын Beeline бастап та кетті. 2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желінің ауқымды модернизациясы басталды. Ол, қалаларда «өлі» аймақ қалдырмай, интернетті жоғары жылдамдықпен тарататын жаңа базалық станцияларды салу мақсатында желінің таралымына талдау жасайды. Бірқатар нысандағы қондырғыларды ауыстыру мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартына жылдам аударуға мүмкіндік береді.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған.

 

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

 

ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ

Осы баспасөз-релизі «болжамды мәлімдеме». «Болжамды мәлімдеме» тарихи факт емес, оған 5G желісін сынауға және 5G желісінің дайындығына қатысты мәлімдемелер кіреді. Болжалды мәлімдемелер ажырамас тәуекелдермен, белгісіздіктермен және қателермен байланысты. Егер мұндай тәуекелдер немесе белгісіздіктер орын алса немесе ондай болжалдар қате болып шықса, нақты нәтиже көрсетілген немесе осындай болжалды мәлімдемелер мен жорамалдарда тұспалданған көрсеткіштерден айтарлықтай алшақ болуы мүмкін. Осы баспасөз-релизіндегі болжалды мәлімдемелер хабарлама жарияланған күні ғана өзекті және Beeline осы хабарландыру жарияланғаннан кейін туындаған оқиғаларға байланысты, болжалды мазмұндағы мәлімдемелерді жаңартудан немесе түзетуден тікелей бас тартады.

***

About Nokia

We create the technology to connect the world. We develop and deliver the industry's only end-to-end portfolio of network equipment, software, services and licensing that is available globally. Our customers include communications service providers whose combined networks support 6.1 billion subscriptions, as well as enterprises in the private and public sector that use our network portfolio to increase productivity and enrich lives.

 

Through our research teams, including the world-renowned Nokia Bell Labs, we are leading the world to adopt end-to-end 5G networks that are faster, more secure and capable of revolutionizing lives, economies and societies. Nokia adheres to the highest ethical business standards as we create technology with social purpose, quality and integrity.

 

www.nokia.com