Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Шымкенттегі автобустарда цифрлы қауіпсіз төлем әдісін ашты

14 желтоқсан 2020 ж., Шымкент қаласы. Цифрлы қаржы сервистері саласының пионері Beeline Қазақстан компаниясы Шымкентте қоғамдық көлікте жолақы төлеудің заманауи әрі қауіпсіз әдісі - SMS-төлемді ашты. Мұндай төлем әдісі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда және Ақтөбе тұрғындары арасында өзін жақсы жағынан көрсетті. Енді Шымкент қаласының тұрғындары да жолақыны SMS-төлем арқылы төлей алады.

Қала тұрғындары мен қонақтарында жолақыны қарапайым жолмен төлеу мүмкіндігі бар. Автобус салонынан көліктің 4 таңбалы кодын тапса болды. Содан соң сол кодты SMS-хабарлама арқылы 2222 нөміріне жібереді. Жауап ретінде электронды билет SMS түрінде келеді, оны контролерге көрсетуге болады. SMS жіберу тегін.

Қызметті барлық бағыт автобустарында қолдануға болады. Жолақы: 70 теңге.

Қызметтің ашылуы туралы Цифрлы қаржы сервистері қызметінің Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли былай дейді: «Енді Шымкент қаласында Beeline клиенттері жолақыны мобильді телефонының теңгерімінен SMS арқылы заманауи әрі қауіпсіз жолмен төлей алатынын қуана хабарлаймыз. Телефоннан төлеген тез, ыңғайлы және қауіпсіз, себебі ол әрдайым қолыңда жүреді. Бірнеше рет шертесіз де, жол жүретін SMS-билет аласыз. Сонымен қатар, абоненттерімізге төлемнен кэшбэк беріп, жол жүруден үнемдейтін акция бастауды жоспарлап отырмыз, компания жаңалықтарын қарап жүріңіздер».

Жолақыдан бөлек, коммуналдық қызметтерге, интернет пен ТВ-ға, сондай-ақ айыппұлдар мен салықтарды төлеп, ақша аударуға болады, олардан басқа да көптеген мүмкіндік бар – осының бәрін Beeline абоненттері қолдана алады.

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қолдана алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz