4 қаңтар 2023 ж., Астана қаласы. Компания табиғат амалының салдарынан төтенше жағдай жарияланған Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғындарын тегін қызметпен қамтамасыз етеді.
ТЖ-ға байланысты, Beeline-ның барлық клиентіне – аудандағы 6385 тұрғынға – ҚР-дағы барлық нөмірге қоңырау шалатын 50 минут пен 50 SMS және 10 ГБ интернет-трафик 7 күнге беріледі. Ол туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланады. Аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.
Естеріңізге саламыз, 3 қаңтарда Сарысу ауданында бораннан электр желісінің бағандары құлап, үйлер жарықсыз және жылусыз қалды. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, осы өңірде қазір жылдамдығы 30 м/с дейінгі жел соғып тұр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары боран басылған соң басталады. Жаңатас қаласының мектептерінде жылынатын пункттер дайындалды, сол жерде тұрғындар ыстық ас-сумен қамтамасыз етіледі. Электр желісі қалпына келген соң, жылу беріледі.