1 желтоқсан 2022 ж., Астана қаласы. Компания төтенше жағдай режимі жарияланған Екібастұз тұрғындарын тегін байланыс қызметімен қамтамасыз етеді.
ТЖ-ға байланысты, жылусыз қалған үйлерде тұратын барлық Beeline клиентіне, яғни 43 615 астам тұрғынның теңгеріміне 7 күн бойы Қазақстандағы барлық нөмірге қоңырау шалатын 50 минут пен 50 SMS, сондай-ақ 10 ГБ интернет-трафик аударылды. Ол туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланады. Аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.
27 қарашада Екібастұздағы ЖЭО-да апат болғанын естеріңізге саламыз. Қала әкімі 28 қарашада жергілікті көлемде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz