Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Талдықорғандағы жолақыға 50% жеңілдік береді

14 желтоқсан 2020 ж., Ақтау қаласы. Beeline Қазақстан компаниясы Ақтауда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің заманауи әрі қауіпсіз әдісі – SMS және QR-төлемді ашты. Мұндай төлем әдісі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда және Ақтөбе тұрғындары арасында өзін жақсы жағынан көрсетті. Сондай-ақ Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары желтоқсанның соңына дейін қоғамдық көлікте Beeline Қазақстан сервисінің арқасында 50% жеңілдікпен жүре алады. Жеңілдік қалалық барлық бағыт автобустарныда 2020 жылдың соңына дейін «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы және SMS-хабарлама арқылы төлегенде беріледі.

Төлеудің ыңғайлы әрі қарапайым екі әдісі бар:

1.    «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы: басты бетте «Көлік» бөлімін таңдап, QR-кодты сканерлеу немесе көліктің цифрлы кодын жазу керек. Қолданушы жауап ретінде SMS-билет алады, оны контролерге көрсетуге болады.

НЕМЕСЕ

2.    SMS-хабарлама: жолақы төлеу үшін 2505 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS жіберу қажет. Қолданушы жауап ретінде SMS-билет алады, оны контролерге көрсетуге болады. SMS жіберу тегін. 

Көлік коды мен QR код автобустардың салонындағы жапсырмада. Жолақы төлегенде, теңгерімнен жолақы (80 теңге) толық ұсталып, содан соң 40 теңге cashback түрінде теңгерімге қайтарылады. Акция бойынша күніне 2 рет жүруге болады. Жолақысы 180 теңгелік экспресс бағыттарда және қала маңына қатынайтын, жолақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік бағыттарда жеңілдік берілмейді.

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қолдана алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz