Басты бет / Жаңалықтар

#Жолақы1Теңге акциясы 12 мамырда аяқталады

Beeline барлық клиентіне өткен екі жарым айда акцияны белсенді қолданғаны үшін алғыс айтады. Акцияға қатысушылардың жалпы саны 250 мың адамнан асты, ал жасалған транзакциялар саны бірнеше миллион операцияға тең болды.

Клиенттер ағынының көп болуына байланысты, әсіресе қарбалас сағаттарда, жүйе жүктемені көтере алмады, бұл қызмет сапасына, сондай-ақ SMS жіберу және кэшбек беру жүйелерінің жұмысына да ауыртпалық түсірді. Одан бөлек, Алматының кейбір автопарктері SMS түрінде төлем қабылдауға дайын болмады, бұл да белгілі бір қиындықтарға алып келді.

Нәтижесінде, біз #Жолақы1Теңге акциясын 2018 жылғы 12 мамырда тоқтату туралы шешім шығардық. Біздің ендігі міндетіміз – жүйенің жұмысын жетілдіру және нарыққа бұдан ыңғайлы, оңтайландырылған ұсыныспен оралу.

Beeline клиенттері үшін жолақыны SMS арқылы комиссиясыз төлеу мүмкіндігі бұрынғыдай сақталатынын атап айтамыз.