Басты бет / Жаңалықтар

Beeline абоненттері «Kүнделікті» трафик жұмсамай қолдана алады

1 сәуір 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline абоненттері «Kүнделікті» шексіз қолдана алады. Ресурсты қолданғанда, трафик шығыны есептелмейді. Алдағы уақытта білім саласын қолдау мақсатында, Beeline Қазақстан мен ҚР БжәнеҒМ орақ меморандумға қол қойды. Құжатта білім жобалары, индустриалды-инновациялық даму, цифрландыру, технологиялық шешімдер, білім жүйесіне арналған арнайы тарифтік ұсыныстар салаларында ынтымақтаса жұмыс істеу, сондай-ақ ортақ ақпаратттық және басқа да шараларды өткізу қарастырылған.

Меморандумның жарамдылық мерзімі – үш жыл, ары қарай ұзарту құқы бар. Бұрын Beeline Қазақстан бірінші болып мұғалімдерге арналған «Жетекші» тарифтік жоспарын ашқан. Қол қойылған құжаттың ынтымақтастық салаларын кеңейтетініне тараптар сенімді.

«Beeline білім саласындағы жобаларды бұрыннан бері сәтті жүзеге асырып келеді. Мысалы, «Қауіпсіз интернет» жобасын сәтті іске қостық, онда төменгі сынып оқушыларына интернеттегі қауіп-қатерге қалай қарсы тұру жолдары айтылады. Халық шаруашылығы университетімен бірге «Бұйымдар интернеті» курсы ашылды. Осы бағыттағы қызметіміздің заңды нәтижесі – білім беру мекемелерімен ынтымақтастығымызды нығайтуға шақыратын және Beeline-ға білім беру саласындағы озық технологиялық шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін меморандумға қол қою болды», дейді Beeline Қазақстанның Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директоры Рауан Қабдрахимов.

Beeline Business – бұл байланыс пен мобильді және тұрақты байланыс кешенді шешімдерінің мультисервистік өткізушісі. Beeline Business клиенттері мәліметтерді жолдаудың әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тұрақты және мобильді телефонияға, 185-тен астам елдегі роумингке, сондай-ақ тағы басқа да қызметтерге қол жеткізе алады. Клиенттер бизнесінің тиімділігін арттыру үшін, Business Link (FMCN), Beeline Business Box, GPRS Corporate Access, Beeline Навигатор, SMS Клик, Mobile Device Management тәрізді заманауи қызметтер жүзеге асырылды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

                                                                                                                                                                                                                                     Қосымша ақпарат алу үшін:

                                                                                                                                                                                                  Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
                                                                                                                                                                                                                                                   PR@beeline.kz