???analyticsinhead??? ???analyticsinbody???
Басты бет / Жаңалықтар

2020 жылдың соңына дейін 811562 адам Beeline 4G желісіне қосылады

9 маусым 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline желісінің ауқымды түрлендірілуі финалдық кезеңге өтті. 2020 жылдың басынан бері компания 266 елді мекендегі желінің таралымын қайта қарап, олардың 137-сі 4G желісіне қосылды. Ұшқыр интернет аудан орталықтары мен қала типіндегі кенттерде және ауылдарда ашылды. 

2020 жылдың соңына дейін тағы 450 елді мекенде желіні жаңарту жоспары тұр. LTE олардың 350-іне қосылады, нәтижесінде ұшқыр мобильді интернет 811 мыңнан аса адамды қамтиды. 

«Beeline желісі 2019 жылдан бері жаңартылып келеді.Тіпті ТЖ және карантин кезінде де біз желінің құрылысын бір минутқа да тоқтатқан жоқпыз. Соның арқасында, клиенттердің алдындағы барлық міндеттемеміз уақытында орындалады да, келесі жылғы қаңтарға қарсы осы бір ауқымды жобаның аяқталғаны туралы есеп береміз. Мысалы, Алматы облысында желі Талғар, Қапшағай, Есік және басқа қалаларда жаңартылды. Барлық жерде трафик тұтынуы 1.5-2 есеге өскенін көріп отырмыз. Яғни, жылдамдықты арттыруға клиенттеріміз мұқтаж. Осындай үрдіс Қазақстанның басқа да өңірлерінде байқалуда. Бұл -  желіні дұрыс бағытта дамытып жатқанымызды білдіреді», - дейді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков. 

Желіні ауқымды түрлендіру жобасын Beeline 2019 жылдан бері жүргізіп келеді. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, жылдамдығы жоғары интернеттпен қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында, желінің таралымын толық талдауды көздейді. Көптеген нысандағы қондырғыны ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге жағдай жасайды. 

Қазір Beeline байланысын Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде пайдалануға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70.2%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылды. Компания Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі және қызметкерлерді материалды әрі уәждемелі қолдайтын ауқымды бағдарламасы бар сенімді жұмыс беруші. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

???chatBotScript???