Басты бет / Жаңалықтар

Жолақыдан 50% кешбэк беру тоқтайды

2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап «Жолақы 50% арзан» акциясы тоқтайды. Акция алдан ала мәлімделген уақытынан 11 күн бұрын бітті. Өйткені акцияның танымал болғаны сондай, қатысушылар саны жоспарлы мөлшерден асып кетті. 

Естеріңізге саламыз, Қазақстандағы 11 қалада қоғамдық көлікте жолақыны Beeline мобильді теңгерімінен төлегенде, 50%-ға арзан болған. Теңгерімнен жол ақысы толық алынып, бір күндегі алғашқы екі жолақының жартысы қайтарылатын (Астана, Алматы және Шымкентте күніне бір жолақы).

Акция шартын өзгерту кеңінен таралған тәжірибе және әуел бастан ережелерде жазылған. Акцияны ұйымдастырушы beeline.kz сайтында жариялай отырып, акцияның шарттарын бір жақты тәртіппен толықтыра немесе өзгерте алады. 

Жолақы төлегенде теңгерімін пайдаланғаны үшін барлық қатысушыға алғыс айтамыз. Осы әдісті кешбэксіз де қолданатындай ыңғайлы еттік. 

Алда сіздер үшін жаңа акциялар міндетті түрде болады!