Басты бет / Жаңалықтар

4G интернетом покрыто 70% трассы Нур-Султан – Бурабай

27 тамыз 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Нұр-Сұлтан-Бурабай тас жолының 70%-ында 4G интернетке қосылуға болады деп хабарлайды Beeline. Ұялы байланыс операторының деректеріне сүйенсек, шілде-тамыз айларында LTE стандартындағы қосымша 15 базалық станция іске қосылды. Олар тас жолдың бойында және Ақмола облысының жолға жақын маңдағы елді мекендерінде 4G желісін кеңінен таратуға мүмкіндік берді.

Таралған аумақтардағы LTE желісінің орташа жылдамдығы 15-16 Мбит\с. Желінің таралымын жақсарту - Beeline-ның 2019 жылдың басында желіні түрлендіру бағытында бастаған ауқымды бағдарламасына негізделген. Жоспар бойынша, Beeline желісі таралған аймақтарда желі толық таралуы үшін, сондай-ақ өңірлерді сапалы 4G интернетпен қамтамасыз етіп, жылдамдығын арттыру үшін, базалық станциялардың орналасқан орны толық қайта қарастырылады. Ірі қалаларда желіні түрлендірудің арқасында 4.5G және 4.9G стандарттары енгізілді, яғни жылдамдық 5G желісінің жылдамдығына жуықтады.

«Beeline ауқымды құрылыс жүргізуде, бұл ретте ресурстардың басым бөлігі аймақтардағы желіні дамытуға жұмсалуда. Бұл абоненттерімізге деген жай ғана қамқорлық емес, бұл – жергілікті кәсіпкерлік пен туризмнің дамуына айтарлықтай серпін береді. Біз осы міндеттерді жүзеге асыруды айтарлықтай жеңілдететін инфрақұрылымды құрамыз. Ал, Beeline-ның мобильді қаржы сервистері тәрізді өнімдерін енді ірі қалаларда ғана емес, кең жолақты мобильді желі таралмай тұрып, нақты ақшасыз онлайн есеп айырысу мүмкіндігі болмаған ауылдарда да қолдануға болады», - деп Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков пікір білдірді.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700 қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған және содан бері байланыстың заманауи стандарттарына жауап бере отырып, сәтті жұмыс істеп келеді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz