Артқа

Микроқоңыраулармен қоштасамыз: пайдаланушылардың пікірін ескердік

30.05.2026

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Beeline-ның барлық мобильді нөмірлерінде Beep Call немесе «Микроқоңырау» қызметі жұмысын тоқтатады. 

Еске сала кетейік, Beep Call — бір пайдаланушы екіншісіне қоңырау шала алмаған жағдайда, қабылданбаған қоңырау туралы хабарлама жіберетін сервис. Бұл қызмет біздің жеке әзірлемеміз емес, барлық абоненттерге арналған базалық әрі тегін сервис болып табылады. Ең басында ыңғайлылық пен толық хабардарлық үшін жасалып, нөмір тіркелген кезде автоматты түрде қосылатын. 

Алайда тәжірибе көрсеткендей, пайдаланушылардың көбісі байланыс үшін мессенджерлерді қолданады. Сондықтан көптеген абоненттер қоңыраудан кейін келетін қоңырауларды ыңғайсыз деп санайды: олар мазалап және жағымсыз әсер қалдырады. 

Клиенттеріміздің қызметтеріміз туралы пікір білдіретініне қуаныштымыз. Дәл осы кері байланыстың арқасында микроқоңыраулар қызметін тоқтату туралы шешім қабылдадық. 

2026 жылғы 30 маусымға дейін сервис бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады, ал 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолжетімсіз болады. 

Қызмет туралы толығырақ білгіңіз келсе немесе естеліктерді жаңғыртқыңыз келсе, мына жерді Beep call (микроқоңырау) басыңыз 😊 

Beeline қызметтерін таңдағаныңызға рахмет!