Артқа

Неге «Үйдегі Интернеттің» кейбір тариф жоспарларының шарттарында бекітілген әрекет ету мерзімі бар?

26.03.2026

«Үйдегі Интернеттің» кейбір тариф жоспарларында шарттардың әрекет ету мерзімі 12 ай болып қарастырылған. Бұл тарифті қосу кезінде бекітілген бастапқы шарт.

Пайдаланушы үшін тариф шарттарының бекітілген әрекет ету мерзімі дегеніміз — өзі пайдаланып отырған қызметтің шарттары осы кезең ішінде әрекет етеді деген сөз. 12 ай өткеннен кейін логин автоматты түрде «Стандарт» тарифіне ауысады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Алғашқы 12 ай бойы тариф12 айдан кейінгі тариф
«Мега Премиум + архив»«Стандарт 3»
«Премиум Отбасы 3+ архив»«Стандарт 4»
«Премиум Отбасы 5+ архив»«Стандарт 5»

Осындай тарифтерді пайдаланатын абоненттер шарттардың әрекет ету мерзімінің аяқталатыны туралы еске салу хабарламасын алдын ала алады.