2026 жылдың 30 наурызынан бастап «Премимум Отбасы 23» және «Премиум Отбасы архив» тариф жоспарларының абонтөлемі өзгереді. Тарифтің негізгі толтырымы өзгеріссіз қалады. Бонус ретінде қосымша қызмет көлемдері мен абоненттік төлемге кешбэк ұсынылады.
Толық мәліметпен төменде танысыңыз:
| Тариф | Премимум Отбасы 23 | Премиум Отбасы архив |
| Абоненттік төлем | 23999 тг/ай | 23999 тг/ай |
| Кешбэкті ескере отырып, абоненттік төлем * Сіз бұл кешбэкті 2026 жылдың 30 маусымға дейін әр абоненттік төлем ұсталған кезде аласыз | 21999 тг/ай | 21999 тг/ай |
| Интернет-пакет бонустармен | Шексіз, 360 ГБ | Шексіз, 360 ГБ |
| Beeline-ға қоңыраулар | Шексіз | Шексіз |
| ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңырау шалу бонустармен | 1100 мин | 1100 мин |
| Топтамадағы нөмірлер саны | 6 дейін | 6 дейін |
Егер негізгі абоненттік төлем алынбаса, автоматты түрде күнделікті пакет қосылады. Күнделікті пакеттің құны – 490 тг/тәулік. Оның ішіне 1 ГБ, Beeline-ға шексіз қоңыраулар және ҚР бойынша басқа мобильді нөмірлеріне 10 минут кіреді.
Егер күнделікті пакеттің абоненттік төлемі алынбаса, Қазақстан бойынша барлық мобильді нөмірлерге қоңырау мен SMS құны минут/хабарлама үшін 18 теңге, интернет 1 МБ үшін 2 теңгемен тарифтеледі.
Пакеттегі минуттар/SMS-тер таусылғаннан кейін олардың құны минут/хабарлама үшін 18 теңге болады. Егер гигабайттар пакеті таусылса, интернетке кіру бұғатталады.
Тариф жоспарыңыздың сипаттамасын Janymda қосымшасында («Аккаунт» бөлімінде) оқи аласыз.