2026 жылдың 30 наурызынан бастап Beeline-ның «Қосымша 1 ГБ» және «Қосымша 4 ГБ» қызметтерін ұсыну шарттарына өзгерістер енгізіледі.
«Қосымша 1 ГБ», яғни 790 теңгеге бір реттік 1 ГБ интернет-пакет берілетін қызмет, жұмысын тоқтатады. Осы қызметтің жүйелерді жаңарту жұмыстарымен үйлеспеуіне байланысты, біз оны жабуға мәжбүрміз.
«Қосымша 4 ГБ» интернет-пакеті 4 ГБ көлемімен бұрынғыдай қолданыста болады, алайда енді қызметтің төлемі 1999 теңгені құрайды. Бағаның өзгеруі байланыс нарығындағы шығындардың өсуіне байланысты, бұл интернеттің тұрақтылығы мен жылдамдығын сақтау үшін қажет.
Қызметтің Сіздің тариф жоспарыңызда бар-жоғын Janymda қосымшасынан тексеруге болады («Аккаунт» — «Интернет» — «Тағы ГБ»).
Және әдеттегідей, шексіз интернетті бағалайтындар үшін қосымша трафик пакеттерін қосуды қажет етпейтін тиімді тариф жоспарлары бар. Бірден бірнеше адамға арналған «Премиум Отбасы» тарифтерін ұсынамыз. Осында оңай танысып, қосылуға болады.