Біз «Үйдегі Интернет» қызметін төлеу және басқару тәртібін жаңартып жатырмыз. Енді бұл үшін логиннің орнына мобильді нөмір пайдаланылады.
Осылайша қызмет ақысын төлеу оңайырақ болады: мобильді теңгерімді әдетте толтырғандай нөмірді көрсету жеткілікті. Логинді бөлек есте сақтаудың немесе іздеудің қажеті жоқ.
Егер тариф жоспарыңыздың тобында мобильді нөмірлер болса, төлем жасау үшін басты нөмір пайдаланылады.
Егер тарифте мобильді нөмірлер болмаса, Сізге BeeHome ID, яғни виртуалды мобильді нөмір беріледі. Ол «Үйдегі Интернет» қызметінің ақысын төлеу және оны басқару үшін ғана қажет, қоңыраулар мен SMS үшін пайдаланылмайды.
Жаңа төлем тәртібіне көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өзгерістер Сізге қатысты болған кезде, біз SMS жіберіп, онда бұдан әрі төлем жасауға арналған нөмірді көрсетеміз. Осыдан кейін «Үйдегі Интернет» теңгерімін үйреншікті логиннің орнына сол нөмір бойынша толтырыңыз.
Өзгерістерден кейінгі алғашқы айда әдеттегідей логин бойынша теңгерімді толтырсаңыз, қаражат қажетті нөмірге автоматты түрде аударылады. Бұдан әрі төлем жасау үшін біз SMS арқылы жіберген нөмірді пайдаланыңыз.
Beeline-ның «Үйдегі Интернетін» таңдағаныңызға рахмет 💛