10 шілдеден бастап «Моя Планета», «Мульт», «Мосфильм. Золотая коллекция», «Синема» және «Сигнал Медиа»-ның басқа да бірқатар арналарының көрсетілу шарттары өзгереді. Біз пакеттердің толтырымын қайта қарап жатырмыз, сондықтан енді бұл арналарды тек Beeline желісінде — BeeTV қосымшасы мен «Үйдегі Интернеті ТВ» қызметі арқылы ғана көруге болады.
Егер BeeTV қызметін басқа интернет-провайдердің желісі арқылы пайдалансаңыз, өкінішке қарай, бұл арналар қолжетімсіз болады.
Көпшілігіңіз балаларға «Мульт» арнасын қосып беруге немесе «Мосфильмнің» классикалық туындыларын тамашалап демалуға үйренгендеріңізді түсінеміз. Бізге де бұл шектеуді енгізу оңай емес, бірақ хабар тарату талаптары өзгеріп жатыр. Дегенмен BeeTV-де әлі де көптеген телеарналар мен жазылымдар қолжетімді. Біз Сізге әрдайым қызықты контент ұсыну үшін жаңа фильмдер, сериалдар мен бағдарламаларды тұрақты түрде қосып отырамыз.
Өзгерістер енгізілетін «Сигнал Медиа» арналарының толық тізімі: «Мульт», «Моя Планета» (SD және HD), «Техно-24», «НСТВ», «Синема», «Мосфильм. Золотая коллекция», Plan B, Romance Channel, Suspense, Cartoon Classics.