Артқа

Үркер мен Қарабұлақта FWA технологиясы өшіріледі: тұрғындар интернетсіз қалмайды

25.02.2026

2026 жылғы 1 сәуірден бастап Үркер және Қарабұлақ кенттерінде Beeline компаниясының FWA сымсыз интернетке қолжеткізу технологиясы өшіріледі. Бұл технологияда Erkin және Erkin+ тарифтері жұмыс істейді.

 

Пайдаланушылар интернетсіз қалмасын деп біз осы елді мекендерге ең заманауи GPON технологиясы бойынша үй интернетін тарттық — жылдамдығы 300 Мбит/с дейін.

 

Бұған дейін Үркер мен Қарабұлақта Beeline-ның «Үйдегі Интернет» желісі болмаған, сондықтан балама ретінде үйлерге FWA технологиясы бойынша роутер арқылы интернет қосылатын. Erkin және Erkin+ тарифтері осы технологияны пайдаланды. Енді «Үйдегі Интернет» желісі орнатылды және 300 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы заманауи әрі тұрақты интернет қолжетімді.

 

Жаңа технологияға ауысқан кезде Сіз мыналарды аласыз:
  • аса шапшаң үй интернеті
  • одан да тұрақты сигнал
  • мобильді байланысы және шексіз интернеті бар тарифті таңдау мүмкіндігі
  • телевизия (200+ арна) және онлайн-кинотеатрлар
  • Wi‑Fi роутерін қосымша төлемсіз жалға алу
  • тегін қосылу

 

1 сәуірден бастап байланыссыз қалмау үшін алдын ала сымды үй интернетін қосуға өтінім беріп, жаңа тариф жоспарды таңдау қажет.

 

«Үйдегі Интернтті» қосуға өтінімдер сайтта және 3131 нөмірі бойынша call-орталықта қабылданады (қоңырау тегін).

 

Үркер мен Қарабұлақ тұрғындарына жаңа әрі жылдам интернетпен жайлы өмір тілейміз!