18.11.2025
2025 жылдың 22 және 23 қарашасында Beeline Қазақстанда жүйелерді жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл – желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және сервисті жақсарту үшін орындалатын стандартты процесс.
Маңызды ақпарат:
• Егер тарифті өзгерткіңіз келсе, қызметті қосу немесе өшіру, теңгерім толтыру, кеңсеге бару немесе қолдау қызметіне қоңырау шалу қажет болса, мұны 22 қарашаға дейін немесе 23-нен кейін жасаңыз.
• Қолдау қызметі 24 қарашадан бастап қайта байланысқа шығады.
• Қажетті қызметтер мен тарифтердің алдын ала қосылғанын және төленгенін тексеріңіз.
Егер Сізде келісімшарттық тариф жоспары болса:
Төлем күні 22 немесе 23 қарашаға сәйкес келсе, алаңдамаңыз – кешігу болмайды және несие тарихыңызға әсер етпейді. Тариф бойынша төлемді 22 қарашаға дейін немесе 24-де жасай аласыз, сол кезде теңгерім бойынша есептен шығару қайта іске қосылады.
Роумингтегі абоненттер үшін:
Бұл екі күнде сервистердің уақытша шектелуі мүмкін. Өтінеміз, маңызды қоңырауларды жасап, интернетті алдын ала пайдаланыңыз.
Жаңартулар уақытша, пайдасы мәңгіге. Біз қолайсыздықтар барынша аз болсын деп бәрін жасаймыз. Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!