Басты бет / Жаңалықтар

Beeline астаналық көлікте күніне екі рет жүруге жеңілдік сыйлайды

11 тамыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «20 теңге арзан» акциясы басталғанын хабарлайды. 10 тамыздан бастап қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүре алады. Жеңілдік көлемі жолақының 20%-ы. Жолақыны кез келген ыңғайлы жолмен, яғни SMS немесе Менің Beeline-ым қосымшасы арқылы төлеуге болады.  

«Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктің өз жұмысын қайта бастауын тағатсыз күттік, енді көптен танымал «20 теңге арзан» акциясы басталғанын қуана хабарлаймыз. Клиенттеріміз бен олардың шығындарын ойлай отырып, Beeline жолақыны нақты ақшасыз, қауіпсіз жолмен төлеу мүмкіндігін ұсынады, бұл орайда жеңілдік түрінде бонус алуға да болады», - деді Beeline Қазақстанның Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли. 

Жолақыны QR-код және код арқылы төлеу (Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында): 
•    Жолақы төлеу үшін, Менің Beeline-ым қосымшасында (Көлік бөлімі) QR-кодты сканерлеу немесе көлік кодын енгізу қажет;
•    QR-код пен көлік коды автобустардың салонындағы жапсырмада;
•    Жолақыны теңгерімнен төлегенде, жолақы толық ұсталып, содан соң 18 теңге cashback түрінде теңгерімге қайтарылады;
•    Жауап ретінде электронды билет SMS-хабарлама түрінде келеді, оны контролерге көрсету керек;
•    Жолақы төлеу үшін, теңгерімде ең кемі 91 теңге болуы тиіс.

Жолақыны SMS-хабарламамен төлеу:
•    Жолақыны төлеу үшін, көлік коды көрсетілген SMS-хабарламаны 2505 нөміріне жіберу керек;
•    Көлік коды автобустардың салонындағы жапсырмада;
•    Жолақыны теңгерімнен төлегенде, жолақы толық ұсталып, содан соң 18 теңге cashback түрінде теңгерімге қайтарылады;
•    Жауап ретінде электронды билет SMS-хабарлама түрінде келеді, оны контролерге көрсету керек;
•    Жолақы төлеу үшін, теңгерімде ең кемі 91 теңге болуы тиіс.
•    SMS жіберу тегін.

Акцияны қалалық барлық City Transportation Systems бағытында пайдалануға болады. Жолақысы 180 теңгелік экспресс бағыттар мен қала маңына қатынайтын жолақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік бағыттарда жеңілдік жоқ. Сashback-пен күніне 2 рет жүруге болады. Бір күнде үш және одан көп рет жүргенде, cashback берілмейді. 

Қазір Beeline байланысын Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде пайдалануға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70.2%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылды. Компанияның мобильді қаржы сервисін қолданушылар саны миллионнан асады.

Қоғамдық көлікте жолақы төлеу, коммуналдық қызметтер мен басқа қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ онлайн-сатып алу – Beeline абоненттеріне қолжетімді артықшылықтардың бір бөлігі ғана. МҚС өнімдері қатарындағы озық өнімдердің бірі – Beeline төлем картасы, ол нақты ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы құралы. 

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіндегі барлық клиент Android және iOS мобильді платформаларында пайдалана алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz