2022 жылдың 1 маусымынан бастап Beeline мобильді теңгерімінен қазақстандық банктердің карталарына ақша аудару және Halyk bank банкоматтарынан ақша алу үшін жаңа комиссия енгізіледі.
Егер бұрын әрбір операция үшін 3,5%, кем дегенде 200 теңге төлем алынса, қазір ол 5,5% және кем дегенде 300 теңге болады.
Назар аударыңыз: комиссия сомасы банк картасына аударылғанға дейін немесе банкоматта қолма-қол ақшаны алу алдында көрсетіледі және сіз әрқашан операцияның соңғы құнын түсіне аласыз.
Мобильді қаржы қызметтері туралы барлық ақпаратты мына жерден алуға болады https://beeline.kz/kk/help/mfs/