4 қыркүйек 2019 ж., Алматы қаласы. Beeline Қазақстан «20 теңге арзан» акциясының басталғанын хабарлайды. Акция аясында Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары қалалық қоғамдық көлікте 20 теңге жеңілдікпен жүре алады.
Жеңілдікті алу үшін, автобус салонындағы QR-кодты «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында сканерлеу керек. Күніне жеңілдікпен 2 рет жүруге болады. Төлеу үшін теңгерімде ең кемі 91 теңге болуы тиіс. SMS арқылы төлегенде, жолақы әдепкідей, жеңілдік берілмейді.
«Қоғамдық көлікте телефон арқылы төлеу – қарапайым және ыңғайлы әдіс. Қызмет астанада да, Қазақстанның басқа қалаларында да кеңінен қолданылды, қолдану саны ай сайын артуда», - деп Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин атап өтті және былай пікір қосты: «Жаңа оқу жылы басталысымен, біз Нұр-Сұлтан қаласындағы клиенттерімізге ыңғайлы болуы үшін, қоғамдық көлікті пайдалануды және төлеген кезде жеңілдік алуды ұсынамыз».
Акцияны Нұр-Сұлтан қаласының аумағында барлық қалалық автобуста пайдалануға болады. Акция мерзімі 01.09.2019 – 31.10.2019. Толық ақпарат сайтта: www.beeline.kz.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz