Артқа

«Үйдегі Интернеттің» кейбір тариф жоспарлары шарттарының бекітілген әрекет ету мерзімі жайлы

18.03.2026

«Үйдегі Интернет» қызметінің кейбір тариф жоспарларында қосылған сәттен бастап шарттарының әрекет ету мерзімі 12 ай болып қарастырылған. Осы мерзім аяқталғаннан кейін логин автоматты түрде «Стандарт» тарифіне ауысады — бұл тарифті қосу шарттарында бекітілген бастапқы талап.

 

Қалай жұмыс істейді?

 

Алғашқы 12 ай бойы тариф12 айдан кейінгі тариф
«Премиум x1 Plus»«Стандарт 8»
«Премиум Отбасы x3 Plus»«Стандарт 9»
«Премиум Отбасы x5 Plus»«Стандарт 10»

 

Осындай тарифтерді пайдаланатын абоненттер шарттардың әрекет ету мерзімінің аяқталатыны туралы еске салу хабарламасын алдын ала алады және қалаған жағдайда қолжетімді кез келген басқа тарифке ауыса алады. Қосуға болатын барлық тарифтермен осында танысуға болады.