Артқа

Мобильді теңгерімнен төлем жасайтындарға «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңдағы өзгеріс қалай әсер етеді

18.02.2026

2026 жылдың 18 наурызынан бастап Қазақстанда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер идентификациядан әлі өтпеген (жеке басын растамаған) пайдаланушылардың электронды ақша (мобильді теңгерім) арқылы жасайтын барлық операцияларына қатысты.

 

Не өзгереді?

 

Идентификациядан өтпеген пайдаланушылар үшін лимит енгізіледі — кез келген операцияға, сақтау сомасына және тәуліктегі операциялардың жалпы сомасына 3 АЕК-тен артық емес.

 

2026 жылы 3 АЕК 12 975 теңгені құрайды.

 

Заңдағы өзгеріс идентификациядан өтпеген пайдаланушылар үшін нақты нені білдіреді:

 

  • 12 975 теңгеден жоғары төлем жасау мүмкін болмайды;
  • әмиянды және/немесе теңгерімді осы сомадан артық толықтыру да мүмкін емес;
  • онда 3 АЕК жоғары соманы сақтауға болмайды;
  • егер лимиттен асып кетсе, идентификациядан өткенге дейін операциялар қолжетімсіз болады (лимит жаңа тәулік басталғанда жаңарады).
  • Резидент емес тұлғалар үшін операциялар 3 АЕК-ке дейін қолжетімді болады.

 

Бұл неге маңызды?

 

Теңгерім арқылы төлем жасаудың барлық мүмкіндіктерін шектеусіз пайдалану үшін бір рет қауіпсіз онлайн идентификациядан өту жеткілікті. Процедура қарапайым, бірнеше минут қана алады, әрі лимиттер туралы ойланудың да қажеті болмайды.

 

Шектеуді қалай алып тастауға болады?

 

Жай ғана жеке басыңызды растаңыз: мобильді теңгеріміңіз бен әмияндағы қаражатыңыз көрсетілетін Janymda қосымшасында идентификациядан өтіңіз. Бұл жылдам және төлемдерді шектеусіз жасауға көмектеседі.

 

Идентификациядан мына жерде өтуге болады..