2021 жылы 19 мамырдан бастап «Интернет 12 ГБ 1490 тг» тарифінде Қазнет шексіз болады, және минуттарды гигабайттарға ауыстыру қызметі қосылады.
Қазнет шексіздігі қазақстандық кез келген интернет-ресурсты, соның ішінде Egov.kz, Zakon.kz, Kundelik.kz, Krisha.kz және Kolesa.kz тәрізді танымал сайттарды шектеусіз қолдануға мүмкіндік береді. Трафик шығындалмайды.
Ал минуттарды ГБ-ға ауыстыру қызметімен артығыңызды қажетіңізге қосымша төлемсіз ауыстыра аласыз. Айырбас бағамы 10 минут = 1 ГБ.
Интернет топтама 13 ГБ-ға дейін көбейеді. Beeline нөмірлеріне шексіз, ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалуға 100 минут және Beeline нөмірлеріне жолданатын 100 SMS беріледі.
Тарифтердің жаңа шарттарымен танысуыңызды өтінеміз:
Тариф |
Интернет 12 ГБ 1490 тг |
Тарифтің жаңа атауы |
Бәрі 1990 бонус |
Абоненттік төлем |
1990 тг/4 апта |
Шексіз Қазнет |
1 сәуір 2022 ж. дейін |
Интернет-топтама |
13 ГБ |
Beeline-ға қоңырау шалу |
Шексіз |
ҚР-дағы басқа моб.нөмірге қоңырау шалу |
100 мин |
Beeline нөміріне SMS |
100 SMS |
Минуттарды гигабайттарға ауыстыру |
1 сәуір 2022 ж. дейін |
+ Керемет бонус: қосымша төлемсіз TV360! |
Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, бұрынғыдай күн сайынғы топтама қосылады. Тарифтің жаңа шарттары бойынша, күн сайынғы топтама 199 тг/тәулігіне болады, оған 1 ГБ, Beeline-ға шексіз және ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге 10 минут қоңырау шалу мүмкіндігі кіреді.
Минуттар/SMS топтамасы біткен соң, сондай-ақ абоненттік төлем ұсталмаса, Қазақстандағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу немесе SMS жолдау құны минутына 18 теңге, бір SMS құны – 18 теңге. Егер гигабайттар топтамасы бітсе, 1 МБ интернет 1 теңгемен тарифтеледі.
Қазақстандағы қалалық нөмірге қоңырау шалу - 18 теңге/мин.
Қазақстандағы басқа мобильді нөмірлерге SMS – 18 теңге/SMS.