19 мамыр 2021 жылы «Бәрі 1490 promo» және «Бәрі 1790 promo» тарифтері жаңарады

2021 жылы 19 мамырдан бастап «Бәрі 1490 promo» және «Бәрі 1790 promo» тарифтерінде Қазнет шексіз болады және минуттарды гигабайттарға ауыстыру қызметі қосылады. 

Қазнет шексіздігі қазақстандық кез келген интернет-ресурсты, соның ішінде Egov.kz, Zakon.kz, Kundelik.kz, Krisha.kz және Kolesa.kz тәрізді танымал сайттарды шектеусіз қолдануға мүмкіндік береді. Трафик шығындалмайды. 

Ал минуттарды ГБ-ға ауыстыру қызметімен артығыңызды қажетіңізге қосымша төлемсіз ауыстыра аласыз. Айырбас бағамы 10 минут = 1 ГБ.

Тарифтердің жаңа шарттарымен танысуыңызды өтінеміз:

Тариф

Бәрі 1490 promo

Бәрі 1790 promo

Тарифтің жаңа атауы

Бәрі 1990 promo

Абоненттік төлем

1990 тг/ай

Шексіз Қазнет

1 сәуір 2022 ж. дейін

Интернет-топтама

13 ГБ

Beeline-ға қоңырау шалу

Шексіз

ҚР-дағы басқа моб. нөмірге қоңырау шалу

200 мин

Beeline нөміріне SMS

100 SMS

Минуттарды гигабайттарға ауыстыру
Бағам: 10 мин = 1 ГБ

1 сәуір 2022 ж. дейін

+ Керемет бонус: қосымша төлемсіз TV360!
Қазақ және орыс тіліндегі ТОП-арналарды, фильмдерді, телехикаяларды, аниме мен дорамаларды кез келген құрылғыдан көру

Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, бұрынғыдай күн сайынғы топтама қосылады. Тарифтің жаңа шарттары бойынша, күн сайынғы топтама 199 тг/тәулігіне болады, оған 1 ГБ, Beeline-ға шексіз және ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге 10 минут қоңырау шалу мүмкіндігі кіреді. 

Минуттар/SMS топтамасы біткен соң, сондай-ақ абоненттік төлем ұсталмаса, Қазақстандағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу немесе SMS жолдау құны минутына 18 теңге, бір SMS құны – 18 теңге. Егер гигабайттар топтамасы бітсе, 1 МБ интернет 1 теңгемен тарифтеледі. 

Қазақстандағы қалалық нөмірге қоңырау шалу - 18 теңге/мин.

Қазақстандағы басқа мобильді нөмірлерге SMS – 18 теңге/SMS.