19 мамыр 2021 жылы «FreeStyle архивтік» тарифі жаңарады

2021 жылы 19 мамырдан бастап «FreeStyle архивтік» тарифінде Қазнет шексіз болады, және минуттарды гигабайттарға ауыстыру қызметі қосылады. Интернет топтама 3 ГБ-ға дейін көбейеді.

Қазнет шексіздігі қазақстандық кез келген интернет-ресурсты, соның ішінде Egov.kz, Zakon.kz, Kundelik.kz, Krisha.kz және Kolesa.kz тәрізді танымал сайттарды шектеусіз қолдануға мүмкіндік береді. Трафик шығындалмайды. 

Ал минуттарды ГБ-ға ауыстыру қызметімен артығыңызды қажетіңізге қосымша төлемсіз ауыстыра аласыз. Айырбас бағамы 10 минут = 1 ГБ.

Тарифтердің жаңа шарттарымен танысуыңызды өтінеміз:

Тариф

FreeStyle архивтік

Абоненттік төлем

350 тг/апта

Шексіз Қазнет

1 сәуір 2022 ж. дейін

Интернет-топтама

3 ГБ

Beeline-ға қоңырау шалу

Шексіз

Минуттарды гигабайттарға ауыстыру
Бағам: 10 мин = 1 ГБ

1 сәуір 2022 ж. дейін

Минуттар/SMS топтамасы біткен соң, сондай-ақ абоненттік төлем ұсталмаса, Қазақстандағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу немесе SMS жолдау құны минутына 18 теңге, бір SMS құны – 18 теңге. Егер гигабайттар топтамасы бітсе, 50 МБ интернет 29 теңгемен тарифтеледі. 

Қазақстандағы қалалық нөмірге қоңырау шалу - 18 теңге/мин.

Қазақстандағы басқа мобильді нөмірлерге SMS – 18 теңге/SMS.