19 мамыр 2021 жылы «Қалайсың бәрің» және «Бәрі бар 550 архивтік» тарифтері жаңарады

2021 жылы 19 мамырдан бастап «Қалайсың бәрің» және «Бәрі бар 550 архивтік» тарифтерінде Қазнет шексіз болады және минуттарды гигабайттарға ауыстыру қызметі қосылады. 

Қазнет шексіздігі қазақстандық кез келген интернет-ресурсты, соның ішінде Egov.kz, Zakon.kz, Kundelik.kz, Krisha.kz және Kolesa.kz тәрізді танымал сайттарды шектеусіз қолдануға мүмкіндік береді. Трафик шығындалмайды. 

Ал минуттарды ГБ-ға ауыстыру қызметімен артығыңызды қажетіңізге қосымша төлемсіз ауыстыра аласыз. Айырбас бағамы 10 минут = 1 ГБ.

Тарифтердің жаңа шарттарымен танысуыңызды өтінеміз:

Тариф

Қалайсың бәрің

Бәрі бар 550 архивтік

Тарифтің жаңа атауы

Бәрі 690 архив

Абоненттік төлем

690 тг/апта

Шексіз Қазнет

1 сәуір 2022 ж. дейін

Интернет-топтама

4 ГБ

Beeline-ға қоңырау шалу

Шексіз

ҚР-дағы басқа моб.нөмірге қоңырау шалу

20 мин

Минуттарды гигабайттарға ауыстыру
Бағам: 10 мин = 1 ГБ

1 сәуір 2022 ж. дейін

Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, бұрынғыдай күн сайынғы топтама қосылады. Тарифтің жаңа шарттары бойынша, күн сайынғы топтама 199 тг/тәулігіне болады, оған 1 ГБ, Beeline-ға шексіз және ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге 10 минут қоңырау шалу мүмкіндігі кіреді. 

Минуттар/SMS топтамасы біткен соң, сондай-ақ абоненттік төлем ұсталмаса, Қазақстандағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу немесе SMS жолдау құны минутына 18 теңге, бір SMS құны – 18 теңге. Егер гигабайттар топтамасы бітсе, 1 МБ интернет 1 теңгемен тарифтеледі. 

Қазақстандағы қалалық нөмірге қоңырау шалу - 18 теңге/мин.

Қазақстандағы басқа мобильді нөмірлерге SMS – 18 теңге/SMS.