Артқа

«Гигабайт Сыйла» және «Минуттарды ГБ-ға айырбастау» қызметтері бұрынғыдай істеп тұр

14.06.2026

«Гигабайт Сыйла» және «Минуттарды ГБ-ға айырбастау» қызметтерінің әрекет ету мерзімі 2026 жылғы 31 шілдеге дейін ұзартылды. Еске саламыз: көптеген қызметтер, егер олар тариф жоспарына кірмей, оған қосымша опция ретінде қосылса, әрекет ету мерзімі болады, ол Janymda қосымшасындағы қызмет сипаттамасында көрсетіледі.

Сонымен бірге «Гигабайт Сыйла» және «Минуттарды ГБ-ға айырбастау» кейбір тариф жоспарларында жаңартылған шарттарда жұмыс істемек. «Гигабайт Сыйла» қызметі «Мега 4490», «Мега 4499+», «Мега 5999+», «Мега 7999+», «Мега 3999+» және «Мега Promo 1999» тарифтерінде ақылы болады (1 транзакция 99 теңге), ал «Минуттарды ГБ-ға айырбастау» «Мега 4499+», «Мега 5999+», «Мега 7999+», «Мега 3999+», «Мега Promo 1999» және «Мега Promo 2999» тарифтерінде — 1 ГБ немесе 10 минутқа 99 теңге. Бұрын тарифтерінде қосымша төлемсіз жұмыс істеген «Гигабайт Сыйла» және «Минуттарды ГБ-ға айырбастау» қызметтері бар барлық пайдаланушылар өзгерістер туралы алдын ала SMS-хабарлама алады.

Егер Сіз трафик сыйлап, минуттарды ГБ-ға қосымша төлемсіз айырбастауды қаласаңыз, өзекті тарифтердің бірін таңдаңыз. Сондай-ақ көптеген жаңа тариф жоспарларында шексіз мобильді интернетті пайдалануға, акция бойынша «Үйдегі Интернетті» қосымша төлемсіз қосуға және тіпті тарифке сыйлыққа жаңа смартфон алуға болады.

Осы жерде өзекті тарифтерді көріп, шарттарымен танысып, қосылуға болады.