Артқа

15, 16 және 17 тамызда жүйелерді жаңартамыз: кейбір сервистер уақытша жұмыс істемейді

09.08.2026

2026 жылғы 15, 16 және 17 тамызда Beeline Қазақстан жүйелерді жаңартады. Бұл желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және сервисті жақсарту үшін жүргізілетін стандартты процесс.

 

Әркім білуі тиіс маңызды ақпарат:

- Егер тарифті ауыстырғыңыз, қызметті қосқыңыз немесе өшіргіңіз, теңгерімді толтырғыңыз келсе, мұны 14 тамызға дейін немесе 16 тамыздан кейін жасауыңызды сұраймыз.
- Егер мобильді теңгерімнен төлем жасау, кеңсеге бару немесе қолдау қызметіне қоңырау шалу қажет болса, мұны 15 тамызға дейін немесе 16 тамыздан кейін жасаңыз.
- 15 және 16 тамызда нөмірді басқа оператордың желісіне көшіру мүмкін болмайды.
- 15 және 16 тамызда шетелге қоңырау шала алмайсыз.
- Қолдау қызметі 17 тамыздан бастап қайтадан байланыста болады.
- Барлық қажетті қызмет пен тарифтің алдын ала қосылып, ақысы төленгенін алдын ала тексеруіңізді сұраймыз.

 

Егер Сізде келісімшарттық тариф жоспары болса:

Егер төлем күні 15 немесе 16 тамызға сәйкес келсе, алаңдамаңыз, кредит тарихыңызға әсер етпейді әрі байланыс жұмыс істейді — осы күндері байланыс қызметтерін ақысыз пайдалана аласыз. Тариф бойынша ай сайынғы төлем 17 тамызда автоматты түрде шегеріледі. 17 тамызда төлем сәтті өтуі үшін теңгерімді алдын ала (14 тамызға дейін) толтыруыңызды сұраймыз.

 

Роумингте жүргендер үшін:

Егер шетелге шығуды жоспарласаңыз, роуминг пен барлық қажетті қызметті 14 тамызға дейін қосуыңызды сұраймыз.

 

Жаңартулар уақытша, ал пайдасы мәңгілік. Ыңғайсыз жағдайларды барынша азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.

 

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!