LCM арнайы ұсыныстың жүргізілу ережелері
1. Жалпы шарттар:
1.1. Акция қатысушылары: Компания акция қатысушыларының тізімін дербес жасауға құқылы.
1.2. Бұл акцияға, Компаниядан SMS алған немесе бастаманың шарттары сипатталған хабарламаны «Менің Beeline-ым» қосымшасында алған Beeline абоненттері қатыса алады.
1.3. Акцияға қатысу үшін абонент, төлеуге болатын кез келген қызметке Beeline теңгерімінен төлеуі керек. Ондай қызметтер қоғамдық көліктегі жолақы, Play Market-те қосымшаларды сатып алу, теңгерімнен Қазақстандағы кез келген мобильді нөмірге ақша аудару немесе сілтемедегі тізімнің арасынан кез келген қызметке төлеу: https://bee.gg/payment
1.4. Компания абоненттерге акцияның бонус алу үшін орындалуы тиіс қосымша шарттары туралы ақпарат береді.
2. Өткізу тәртібі:
2.1. Абоненттер бонустарды, акцияның SMS-те/«Менің Beeline-ым» қосымшасындағы хабарламада көрсетілген шарттарын орындаған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде алады.
2.2. Алғашқы транзакцияны жасаған абонент, сатып алған жалпы сомасының 10%-ы көлеміндегі кэшбэкті Beeline теңгеріміне алады. Кэшбэктің ең көп сомасы – 500 теңге.
2.3. Акцияның басқа шарттарын орындағаны үшін абоненттер бонустарды мобильді байланыс бойынша, нақты айтқанда ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғуға арналған минуттар және интернет-трафик гигабайттары түрінде алады, олардың мерзімі шектеулі болады.
2.4. Қосымша бонустар – Компанияның тариф жоспарларына берілетін жеңілдіктер, сондай-ақ серіктестердің промокодтары болуы мүмкін.
2.5. Компания бонустардың берілгенін абоненттерге SMS арқылы хабарлайды.
3. Қосымша шарттар:
3.1. Компания акцияның шарттарын өзгертуге құқылы.