Басты бет / Жаңалықтар

Beeline апат салдарынан байланыс үзілгенде зардап шеккен абоненттерге 1 ГБ трафик ұсынады

Бейсенбі, 3 ақпан 2022 жылы Қазақстанның бірнеше қаласында Beeline мобильді интернеті қызметін ұсыну шектелді. 

Интернетті ұсынудағы уақытша үзілістің себебі – белгісіз тұлғалардың бұрғылау жұмыстарын жүргізуінен, Beeline талшықты-оптикалық шоғырсымының үзілуі болды.

 «Байланыстың үзілуіне оператордың кінәсі жоқ, соған қарамастан, оқиға орын алған жердегі абоненттердің қолданыстағы трафигіне 1 ГБ-дан қосуды ұйғардық. Біздің мамандар апат салдарын жоюмен бірнеше сағат бойы айналысты, ал бұл өтемақы – осы уақытта сабырлық танытып, қолдау көрсеткені үшін абоненттерге айтқан алғысымыз. Қосымша трафик тегін беріліп, клиенттерге ол туралы SMS-хабарлама келеді», - деді Beeline Қазақстанның баспасөз қызметі.

Beeline Қазақстан компаниясы жер қазумен айналысатын компанияларды талшықты-оптикалық шоғырсым жүргізілген жерлердегі қоршау белгісіне мән беруге шақырады. Абайсыз жұмыс шоғырсымдардың үзілуіне және байланыс пен Интернет қызметтерінің жоғалуына алып келуі мүмкін.