Артқа

Beeline Таяу Шығыстағы клиенттерін тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етуде.

01.03.2026

2 наурыз 2026 жыл, Астана қ. Beeline Таяу Шығыс елдері аумағындағы абоненттеріне өңірдегі қақтығыс жағдайының ушығуына байланысты тегін қызметтерді ұсынады.

 

Клиенттерді қолдау мақсатында 10 күн мерзімге 1 ГБ мобильді интернет және Қазақстанға, жергілікті нөмірлерге қоңырау шалу, сондай-ақ кіріс қоңырауларды қабылдау үшін 30 минут беріледі. Абоненттерге ақпарат SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.

 

Пакеттің қосылғанын «Janymda» мобильді қосымшасы арқылы немесе *114# командасын теру арқылы тексеруге болады.

 

Қолдау келесі елдердің аумағындағы клиенттерге таратылады: БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания, Оман, Ливан, Израиль, Ауғанстан және Пәкістан.

 

Beeline қақтығыс жағдайын мұқият қадағалап отыр және қажет болған орайда басқа өңірлердегі клиенттеріне де тегін байланыс қызметтерін ұсынуды жалғастырады.

 

Естеріңізге саламыз: қазіргі уақытта Таяу Шығыста қақтығыстың ушығуы байқалады. Қауіпсіздік шараларының күшеюі, әуе қатынасына шектеулердің енгізілуі және жекелеген инфрақұрылым нысандары жұмысының тоқтатылуы тіркелуде.