2023 жылдың 15 тамызында тарифтерде видео, әлжелі және мессенджерлері бар науқан аяқталады, сондай-ақ, күнделікті пакет құны өзгереді.
Осы күннен бастап «Жарқын 4990» және «Жарқын 5990» тарифтерінде YouTube, Instagram, Facebook, TikTok, WhatsApp және басқа танымал әлжелілер мен мессенджерлерге шексіз кіру мүмкіндігі алып тасталады, «Жарқын 3990» тарифінде осы ресурстарға беріліп келген 25 ГБ пакеті де тоқтатылады. Гигабайттар тариф жоспары бойынша негізгі пакеттен шығындалады.
Сондай-ақ, күнделікті пакетке абоненттік төлем де өзгереді, енді ол тәулігіне 290 теңге тұрады. Алайда бұл өзгеріс байланысқа тариф бойынша ай сайын уақытылы төлейтіндерге, яғни күнделікті пакетті тәулігіне мегабайттар мен минуттар порциясын қолданбайтындарға жайсыздық туғызбайды.
Барлық қолданушыға мынадай таңдау ұсынылады: тарифте қалу, кеңес берілген үлкенірек тарифке ауысу (оған сілтеме жеке SMS-пен келеді) немесе сайтта я «Менің Beeline-ым» қолданбасында өз бетінше басқа тариф таңдау.