Ұялы байланыс операторларының байланыс станциялары электр қуатымен жұмыс істейді. Егер бүкіл ауданда, ауылда немесе қалада жарық болмаса, онда байланыс пен интернет те болмауы мүмкін.
Көбінесе ауа-райының қолайсыздығына, техникалық жұмыстарға немесе шоғырсымдардың ауыстырылуына байланысты электр қуаты ажыратылады. Мәселенің күрделігіне қарай, арнайы қызметтердің энергияны қалпына келтіруі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Осыны біле отырып, Beeline Қазақстан өз базалық байланыс станцияларына дизель генераторларын қосады, нәтижесінде, округте электр қуаты жоқ болса да, сигналды қамтамасыз болады.
— Әрбір базалық байланыс станциясындағы электр қуаты ажыратылған жағдайға резервтік батареялар жинағын орнатамыз. Мұндай батареялар станцияны бірнеше сағат бойы энергиямен қамтамасыз ете алады. Әдетте бұл уақыт инженерлердің мобильді генераторды әкелуіне жетеді. Бірақ қаланың немесе облыстың барлық ауданында жарық жаппай өшіуі мүмкін. Мұндай жағдайда ондаған станция бір уақытта жарықсыз қалуы мүмкін. Сондай кезде генераторлар барлығына жетпей, өкінішке қарай, кейбір станциялар да өшіріледі. Бірақ бұл жағдайдада біз тығырықтан шығар жол табуға тырысамыз. Мысалы, жұмыс істеп тұрған станциялардағы батареяларды қуаттау үшін генераторды станциялардың бірінен біріне апарып отырамыз. Сонда адамдар әрқашан байланыста бола алады, — дейді Beeline Қазақстанның техникалық директоры Олег Снимщиков.
Компанияда 2008 жылдан бері Желіні басқару орталығы жұмыс істеп тұр. Диспетчерлер арнайы жүйенің көмегімен тәулік бойы бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған базалық байланыс станцияларының жұмысын бақылап отырады. Барлық мәселені Орталық қызметкерлері мен жедел әрекет ету тобы экраннан бірден көреді.
Алматыдағы Beeline Желісін басқару орталығы. Фото: Оператордың баспасөз-қызметінікі
— Электр энергиясының жоғалуына байланысты станция жұмысын тоқтатқанын түсінген бойда, оған инженерлердің кезекші тобы бірден барады. Күннің уақыты мен ауа-райына қарамастан. Бірақ кейде байланыс станциялары қалалардан жүздеген шақырым жерде орналасатындықтан, біраз уақытты жол алады. Мәселе туындаған жерге келгеннен кейін, инженер генераторды іске қосып, байланысты қалпына келтіреді. Қажет болса, станция генераторда бірнеше күн, тіпті апталап жұмыс істей алады, — деп Олег Снимщиков сөзін толықтырды.
Естеріңізге сала кетейік, Beeline-да байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Beeline клиенттері ұялы байланыс мәселелері бойынша 116 нөміріне (Beeline нөмірлері үшін) және "Үйдегі Интернет" пен ТВ қызметіне қатысты мәселелер бойынша 3131 нөміріне (барлық оператордың нөмірлерінен) қоңырау шала алады.
Оператормен байланысқанға дейін виртуалды дауыстық көмекші ең көп кездесетін сұрақтарға жауап береді. Оған команданы ауызша беруге болады.
Сондай-ақ, клиенттер Instagram, Facebook, Twitter және vk.com арқылы көмек ала алады.