Ауылдар үшін шеринг: Қазақстанның ұялы байланыс операторлары «250+» жобасы шеңберінде желілерді бірге қолдануға келісті

2 қазан 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы, Бүгін респбуликадағы үш ұялы байланыс оператор – КаР-Тел ЖШС, МТС ЖШС және Кселл АҚ өкілдері «250+» жобасы шеңберінде желілерді бірге қолдану туралы шартқа қол қойды: құжат еліміздегі жалпы халық саны 600 мың адамды құрайтын шамамен 1 000 ауылдың тұрғынын барлық мобильді оператордың желісімен қамтамасыз етуді қарастырады.

«250+» бағдарламасы – Қазақстанның үш мобильді байланыс операторы қатысатын, республикалық көлемдегі алғашқы инфрақұрылымдық жоба. Жоба аясында, 250 және одан көп адам тұратын ауылдарды «Қазақтелеком» АҚ жүргізетін оптоталшықты желі негізінде шапшаң интернетке қосу қарастырылған. 

Үш оператордың әрқайсы желіні, ауыл аумағын кеңжолақты байланыспен қамтамасыз ететін өз базалық станцияларында таратады. Бағдарламаны іске асыру туралы меморандум биылғы ақпанда жасалып, сол кезде желіні бірге салу және қолдану стратегиясы келісілді. 

«Радиожиілік пен инфрақұрылымды бірге қолдану сервистің инновациялық түрлерінің пайда болуын ынталандыра отырып және оларға халықтың басым бөлігінің қол жеткізу мүмкіндігін арттыра отырып, қазақстан нарығының ары қарай дамуына ықпал етеді. Желі инфрақұрылымын бірге қолдану шешімі кез келген нарық жағдайында тиімділікті арттыратынын әлем тәжрибесі көрсетіп отыр, оған осындай тәжірибенің кең таралуы дәлел. Мұндай әдістер әлемнің көптеген елінде (мысалы: Ұлыбритания, Швеция, Франция, Үндістан, Автсралия, Бразилия және т.с.с) қолданылуда. Ауылдарда Интернеттің қолжетімділігін арттыру  - еліміздің әр өңірінде байланыс қызметтерін алудағы азаматтардың құқығын қамтамасыз етудің негізі» - деді ҚР Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов шартқа қол қою салтанаты барысында. 

Стратегия әуел бастан басқа операторлардың абоненттеріне желіге тең қосылу мүмкіндігін ұсынуды қарастырған. Себебі, ұялы байланыстың үш компаниясына әр өңірде бекітілген ауылдар бар, ал үш оператордың да абоненттері бар ауылдарда тең қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, өзара бәсеке компаниялар шеринг үлгісін – ресурстарды ұжымдық қолдануға және өзара алмасуға негізделген экономикалық үлгісін қолдануға келісті. 

«Бүгін жасалған шарт республикамыздың халқын мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жан-жақты және серіктес қадам жасауға нарықтың дайын екенін көрсетеді. Еліміздің кең байтақ географиясын, елді мекендердің бір-бірінен қашық орналасқанын және ондағы халық санының аздығын ескерсек, тек осындай теңестірілген әрі экономикалық тұрғыдан сауатты шаралар топтамасы ғана бұл жобаны қысқа мерзімде аса тиімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мобильді байланыстың үш операторының «250+» бағдарламасы аясында күш біріктіруінің экономикалық және қаржылық әсері осы тәжірибені басқа да әлеуметтік және коммерциялық жобалар аясында қолдануына негіз бола алады», - деп «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев шартқа қатысты пікірін білдірді. 

Желілерді бірге қолдану туралы шартқа қол қою - ауыл тұрғындарына мобильді операторлардың қызметтерін бәсеке жағдайында алуға және қызмет жабдықтаушысын дербес таңдауға мүмкіндік береді.  

«Желіні бірге қолдану инфрақұрылым мен жиілік ресурстарын ұжым болып қолдануды білдіреді. Басқаша айтқанда, Tele2/Altel орнатқан базалық станция басқа операторлардың да абоненттеріне қызмет етеді. «250+» бағдарламасына кіретін ауылдың әр тұрғыны, осы ауылда базалық станцияны кімнің салғанына қарамастан, еліміздегі кез келген байланыс операторының қызметтерін пайдалана алады» - деп түсіндірді «Мобайл Телеком-Сервис» Бас директоры Роман Володин. 

«Кселл» компаниясында әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бәсекелестердің бірігуі телекоммуникация нарығының және бүкіл елдің ары қарай дамуында үлкен рөл атқаратынын атап айтуда.   

«Жоғары бәсекелестікке қарамастан, ұялы байланыс операторлары ауыл тұрғындарын кеңжолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ететін, сонымен қатар мемлекеттік цифрлы қызметтерді қолдануға, онлайн-оқу арқылы жаңа білім алуға, тіпті заманауи жаңа мамандықтарды игеруге мүмкіндік беретін «250+» жобасын жүзеге асыру үшін бірікті. Кеңжолақты интернет ауыл халқына телемедицина, интернет банкинг және басқа да мүмкіндіктерді ашады, бұл мүмкіндіктер ірі қала тұрғындарының күнделікті заманауи өміріне айналған. Осылайша ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздік жойылады. «250+» жобасы ел экономикасының даму қозғалтқыштарының бірі болады және елдің әлеуметтік ландшафтын өзгертеді», - деді «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Каспарс Кукелис

Бұл ретте, «250+» жобасы – әлеуметтік жоба, оның өзін-өзі ақтау мерзімі тым ұзақ, 35 жылдан асады. Ол, құрылысқа кететін орасан шығындарға, жабдықтардың күтіміне, электр қуатына, трансмиссияға және желіні қолдануға кететін тұрақты операциялық шығындарға, ауылдардағы халықтың орналасу тығыздығына байланысты. Шеринг механизмін қолдану есебінен бірікпей, сондай-ақ мемлекет енгізгелі отырған ерекше салық жағдайларынсыз жобаны жүзеге асыру экономикалық тұрғыдан соңғы мақсатқа жету – ауыл халқына қала тұрғындарымен тең цифрлы жағдай жасау мүмкін емес. 

«Барлық оператордың бірігуінің арқасында Қазақстан халқы үшін желі инфрақұрылымы жасалады. Біз клиенттеріміздің таңдауын жоғары бағалаймыз және қазақстандықтар шапшаң Интернетке қол жеткізе алуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Цифрлық теңсіздікті азайту – біздің басым мақсатымыз, желіні бірге салудағы серікстестік осы міндетті жүзеге асыру мерзімін айтарлықтай жылдамдатады. Біз бірігіп, қазақстандықтарды орнықты байланыспен және желіге сапалы кең жолақты қосылу мүмкіндігімен қамтамасыз етеміз – дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин

Енді шамамен 1 000 ауылдың тұрғыны мемлекеттік цифрлы қызметтерді қолданып, қашықтан оқи алады, сондай-ақ шұғыл көмек қызметтерін шақыру үшін мобильді байланысты пайдалана алады. Одан бөлек, ауылға шапшаң интернеттің келуі өңірлерде мобильді қаржы қызметтері мен электронды коммерцияның дамуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығында ІоТ технологиясын (бұйымдар интернеті) қолдануға триггер бола отырып, қазақстан ауылдарының экономикалық дамуына оң әсер етеді. 

***

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.

Beeline Казахстан признан самым уважаемым оператором страны по результатам репутационного аудита Reputation Institute.

Компания Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды. Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Контакты для СМИ:

Ерулан Джамаев

PR менеджер Beeline Казахстан

+77052242220

PR@beeline.kz