13 ақпан 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерге ұшқыр интернет ұсынады. Тиісті меморандум Beeline Қазақстан мен «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС арасында, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен жасалды.
Бастама елбасының тапсырмасы аясында және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
«Beeline – абоненттер саны жағынан нарықта көш бастап тұр. Біз ұшқыр интернетке қосыла алатын клиенттеріміздің мейлінше көп болғанын қалаймыз. Қол қойылған келісім осы міндетті қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Beeline қызмет сапасын жетілдіру мақсатында желіні ауқымды жаңартып жатыр. Ауылдарға кең жолақты қосылу мүмкіндігін ұсыну – жоспарымызға 100% сай келіп тұр және елімізді цифрландыруға қосқан маңызды үлес болатынына сенімдімін», деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Келісім мүшелері 10 айда 1000 елді мекенді интернетке кең жолақты қосылу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Оны жүзеге асыру, тұрғындардың электронды үкімет, медицина және қашықтан оқу тәрізді маңызды ресурстарға қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне меморандум бастамашылары сенімді.
2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталды. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, жылдамдығы жоғары интернеттпен қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында, желінің таралымын толық талдауды көздейді. Көптеген нысандағы қондырғыны ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге жағдай жасайды.
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, оның 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz