Басты бет / Жаңалықтар

ХАТУ студенттері Beeline-да тағылымдамадан өте алады

4 желтоқсан 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline ХАТУ студенттеріне арналған тағылымдама бағдарламасын бастады. Бұл - Beeline Қазақстан мен Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті арасындағы жас дарындарды тартудың корпоративтік жобалары шеңберінде жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған соң мүмкін болды. 

Университеттің бірнеше студенті жобаның бірінші толқыны аясында тағылымдамадан сәтті өтті, енді Beeline мен ХАТУ осы бағытта ынтымақтаса жұмыс істеуді жалғастырады.

Тағылымдама мерзімі – 3 айдан 6 айға дейін. Оның нәтижесі бойынша, үздік студенттер  Beeline-ға жұмысқа орналаса алады немесе компанияның кадрлар резервіне алынады.

«Біз тағылымдамаға, келешекте компанияға жұмысқа алуға студенттерді тарту жөніндегі әлеуметтік жобаларымызды белсенді дамытып жатырмыз. Beeline-да ІТ саласындағы дарынды студенттерді қуана қарсы алады. Біз жаңа идеяларға, зерттемелерге құштармыз, оларды қолдауға және енгізуге дайынбыз. Тағылымдадан өткізетін бағдарламаларымыздың арқасында, студенттер білікті мамандармен бірге нақты жобаларға қатыса отырып, жетіледі және тәжірибе жинайды. Бұл - қызмет жолын сәтті бастаудың кепілі», - деді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири

Beeline жаңа бағыттарды дамыту үлгісі ретінде ХАТУ студенттері мен жетекшілеріне Big Data саласындағы жобаларын көрсетті және осы саладағы үздік мамандарды, соның ішінде техникалық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігі барын айтты.

Жастар мен келешегі бар мамандарға мүдделі негізгі жобалардың бірі - Big Data School. Бұл – диджитал саласындағы әлемдік заманауи трендтерді қолдана отырып, деректермен жұмыс істеуді оқу және шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі.

ХАТУ (Халықаралық Ақпараттық Технологиялардың Университеті) өз жұмысын 10 жылдан астам уақыт бұрын бастаған. Қазір ұлттық рейтингтер бойынша көш басында және Қазақстандағы озық техникалық ЖОО-лардың бірі. 2017 жылы университет ASIIN неміс агенттігінің институционалды аккредитациясынан өтті, бұл – оның халықаралық мәртебесін білдіреді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz