Басты бет / Жаңалықтар

Интернет жылдамдығы алғаш рет Қазақстандағы 5G сынақ желісінде 3 Гбит\секундты құрады

4 қараша 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline ұсынған 5G интернеттің жылдамдығы 3 Гбит\секундқа жетті. Рекордты көрсеткіш еліміздегі алғашқы бесінші буын желісін сынақтан өткізу кезінде орын алды. Сынақ Шымкент қаласында 2019 жылдың соңына дейін жалғасады. Сынақ нәтижесіне қарай ұялы байланыс операторы технологияға салынатын инвестиция, Қазақстандағы 5G желісінің келешегі туралы қорытынды шығарып, 5G желісін жаппай енгізуге өз желісінің қаншалықты дайын екенін бағалайды. Жоба Nokia қондырғыларымен жүзеге асырылуда және ол үш базалық станция мен тірек желісінің қондырғысынан тұрады.

5G желісін коммерциялық қолданысқа енгізу экономиканы, өнеркәсіпті, қалаларды цифрландыу үшін қажет. 5G желісін енгізген соң, «Бұйымдар интернеті» тәрізді технология жаппай дамиды деп санайды компания.

«Қазір бизнес өндіріс пен бөлшек саудаға цифрлы технологияны белсенді енгізуге дайын. Біздің міндетіміз – әртүрлі технологиялық жолдармен оларға осындай мүмкіндік беру. Олардың негізгісі 5G желісін дамыту екені даусыз. Нарықтың барлық қатысушысын ортақ желі салу жолында бірігуге шақырамыз. Бұл өте қымбат, әрі қайтарымы ұзақ технология. Бірақ, нарықтың барлық қатысушысы мен мемлекет тарапынан таңдалған бағыт дұрыс болса, жақын келешекте оған бүкіл нарық қол жеткізе алады», - дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

5G желісін жаппай енгізуді Beeline бастап та кетті. 2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталған. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, интернеттің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында желінің таралымын толық талдауды қарастырады. Бірқатар нысандағы қондырғыларды ауыстыру - мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейіне жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартына жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz