Басты бет / Жаңалықтар

Beeline желісінде трафик тұтыну наурызда өсті және сәуірде рекордты жаңартады

6 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Трафик тұтынудың өсу көрсеткіші, наурызда мобильді сегментте трафиктің 8%-ға өскен рекордынан бірнеше есе асып түсуі мүмкін. Желіге негізгі жүктеме бұрынғыдай видеоконтентті көруден түсіп тұр. Оқу тоқсаны басталып, мектептер қашықтан оқытуға толық көшкен соң, білім беретін контентке қосылу трафик тұтынудың басым бөлігін алу мүмкіндігіне ие болады.

Оқушылардың білім беретін ресурстарға қосылуын жеңілдету үшін, барлық негізгі сайт Beeline желісінде тегін беріледі. Қазір тізімге 137 атау енгізілген, олардың қатарында әлеуметтік ресурстар, білім беретін сайттар және университеттердің Edu.kz, BilimAl.kz, I-mektep.kz тәрізді ресми ресурстары мен басқа да сайттар бар.

«Қазіргі жағдайда, интернет жаңалықтарды білу көзі ғана емес, сонымен қатар ойын-сауықтың, білім алудың, сөйлесудің негізгі құралы болып тұр. Карантин кезінде ол адамдардың бос уақытын өткізуіне тамаша мүмкіндік болды. Одан бөлек, бүкіл бизнес, үкіметтік құрылымдар мен коммерциялық ұйымдардың жұмысы интернет арқылы жүзеге асырылуда. Бұл таусылатын ресурс, желінің қуаты шексіз емес, азаматтарды трафик тұтынуға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қазір желі жүктемеге жақсы шыдап тұр, білім ресурстары толық шексіз болса да, оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етеміз», - деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.

Желінің өткізу қабілетін арттыру үшін, компания бірқатар іс-шара атқарды. Қалалар арасында тасымалдау арналарын кеңейту жұмыстары жасалды, интернетке қосылатын сыртқы арналар кеңейді және мобильді желі мен «Үйдегі интернетке» арналған ІР желінің ұяшықтарын жаңғырту аяқталды.

Бұған дейін Beeline шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамаларын ұсынып, карантин кезінде көрерменге ТВ топтамаларын толық ашты. Компания қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға карантин мен ТЖ уақытына тегін мобильді байланыс берді. Дауыстық және интернет трафикті «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларының барлық қолданушысы алды.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz