Басты бет / Жаңалықтар

Шымкент қаласында жолақыны теңгерімнен төлеуге болады

13 қараша 2019 жыл, Алматы қаласы, Абоненттер саны жағынан көш бастап тұрған Beeline Қазақстан Шымкенттегі автобустарда жолақыны SMS және QR арқылы төлеу мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды. Еліміздің үшінші мегаполисінде 250-ден астам автобуста жолақыны теңгерімнен төлеуге болады.

Жолақы төлеудің екі жолы бар, олар:

  • SMS төлем: көлік коды көрсетілген SMS хабарламаны 2505 нөміріне жіберу керек;
  • QR төлем: «Менің Beeline-ым» қосымшасында QR-кодты сканерлеу қажет;
  • Көлік коды мен QR-код автобус салонында;
  • Жауап ретінде электронды билет SMS арқылы келеді, оны сақтап, контролерге көрсету керек;
  • Жолақы әдепкідей – 70 теңге;
  • Жолақыны Beeline-ның аванстық төлем жүйесіне қосылған абоненттер төлей алады;
  • Қызметті, жеңілдігіне және оқушы, студенттік билетінің болғанына қарамастан, барлық санаттағы азамат пайдалана алады;
  • Бағыттар: 12, 135, 141, 142, 143, 144, 144А, 144Б, 146, 147, 148, 150, 19, 27, 35, 74, 78, 84, 92.

«Жақында біздің компания Шымкентте 5G сынақ желісін тексеруден өткізді. Осы технология арқылы мәліметтерді жолдау жылдамдығы секундына 3 гигабитке дейін жетті. Бүгін қала тұрғындарын тағы қуантып отырмыз. Енді Beeline қызметін қолданатын барлық жан жолақыны смартфоннан төлей алады» - деп мәлімдеді Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин, «Бұл мүмкіндікті баяғыда-ақ ашқымыз келген, бірақ қала басшылығы сервисімізді қала инфрақұрылымының бір бөлшегі ретінде қабылдамады және бірге жұмыс істеуге дайын болмады. Бірақ, Цифрлы Қазақстан бағдарламасының аясында SMS пен QR төлем халық тұтынатын басқа да әлеуметтік қызметтер тәрізді қалыптасып кеткен өзге қалаларды үлгі қыла отырып, олардың пікірін өзгерттік».

Толық ақпарат: www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz