Басты бет / Жаңалықтар

Екі "Премиум Отбасы" мұрағаттық тариф жоспарлары жаңартылады

2025 жылдың 25 шілдесінен бастап «Премимум Отбасы 23» және «Премиум Отбасы архив» тариф жоспарларының абонтөлемі өзгереді. Тарифтің негізгі толтырымы өзгеріссіз қалады. Бонус ретінде қосымша қызмет көлемдері мен абоненттік төлемге кешбэк ұсынылады, сондай-ақ тарифке алтыншы қатысушыны қосуға болады.

Толық мәліметпен төменде танысыңыз:

Тариф Премимум Отбасы 23 Премиум Отбасы архив
Абоненттік төлем 19999 тг/ай 19999 тг/ай
Кешбэкті ескере отырып, абоненттік төлем
* Сіз бұл кешбэкті 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін әр абоненттік төлем ұсталған кезде аласыз
16999 тг/ай 16999 тг/ай
Интернет-пакет бонустармен Шексіз, 300 ГБ Шексіз, 300 ГБ
Beeline-ға қоңыраулар Шексіз Шексіз
ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңырау шалу бонустармен 1100 мин 1100 мин
Топтамадағы нөмірлер саны 6 дейін 6 дейін

Егер негізгі абоненттік төлем алынбаса, автоматты түрде күнделікті пакет қосылады. Күнделікті пакеттің құны – 390 тг/тәулік. Оның ішіне 1 ГБ, Beeline-ға шексіз қоңыраулар және ҚР бойынша басқа мобильді нөмірлеріне 10 минут кіреді.

Егер күнделікті пакеттің абоненттік төлемі алынбаса, Қазақстан бойынша барлық мобильді нөмірлерге қоңырау мен SMS құны минут/хабарлама үшін 18 теңге, интернет 1 МБ үшін 2 теңгемен тарифтеледі.

Пакеттегі минуттар/SMS-тер таусылғаннан кейін олардың құны минут/хабарлама үшін 18 теңге болады. Егер гигабайттар пакеті таусылса, интернетке кіру бұғатталады.

Тариф жоспарыңыздың сипаттамасын Janymda қосымшасында («Аккаунт» бөлімінде) оқи аласыз.