Басты бет / Жаңалықтар

BeeHome+ тарифіндегі жаңарту

2023 жылдың 10 шілдесінен бастап «Үйдегі Интернет» ұсынатын BeeHome+ тарифі жаңарады, бұл тарифте үйдегі интернет, мобильді байланыс және үй телевизиясы бар.
Үйдегі интернет шексіз қалпында қалады. Мобильді құрылғылардан 13 және 25 ГБ мобильді интернет, Beeline нөмірлеріне шексіз қоңырау, сондай-ақ Қазақстан бойынша басқа операторлардың мобильді нөмірлеріне 110 және 210 минут қолжетімді болады.
Үйдегі ТВ-ны әлі де 1400 тг/ай үшін «Тиімді», 1700 тг/ай үшін «Оңтайлы» және 2000 тг/ай үшін «Максималды» пакеттерімен қосуға болады. Сынақ мерзіміне қосымша төлемсіз ТВ-пакеттерін қосу қолжетімсіз болады.