Басты бет / Жаңалықтар

Beeline үй интернеті желісінің жүктемесі 30%-ға өсті

22 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline-ның Үйдегі интернеті карантин мен ТЖ кезінде желіге түскен жүктемеге, Қазақстанның барлық ірі қаласында жүрген ауқымды жұмыстардың арқасында шыдады. Осы кезеңде желі жүктемесі 30%-ға өсті. 

Қазақстанда барлығы 25 ірі көлемді жұмыс атқарылды, олардың қатарында сымды интернет арналарын кеңейту, серверлердің өткізу қабілетін арттыру және басқалары бар. Нұр-Сұлтан, Өскемен, Тараз, Павлодар қалаларында орталық ядро ауыстырылды, соның арқасында, клиенттер үшін, жүктеме аса жоғары сағаттардағы интернет жылдамдығы айтарлықтай артты. Кейбір қалада жекелеген жұмыстар өзекті болды, мысалы, Қарағанды мен Ақтөбеде Facebook ресурсының контентін жеткізуді жылдамдаттық. Одан бөлек, барлық қалада қашықтан жұмыс істеуге және оқуға қажет жылдамдықты қамтамасыз ету үшін, әртүрлі байланыс тораптарының қандай-да бір учаскелері кеңейтілді. KAZNET-тің барлық ресурсына шексіз қосылу мүмкіндігі ашылды. Осы кезеңдегі жаңа қосылулар саны орташа айлық көрсеткішпен салыстырғанда 50%-ға өсті. 

«Қазақстандықтардың қашықтан жұмыс істеуге және оқуға көшуі үйдегі интернет желісіне үлкен жүк түсірді. Бүкіл отбасы үйде отырғандықтан, адамдар мобильді трафикті аз пайдаланады. Желі жүктемені көтере алуы үшін, Қазақстанның барлық қаласында ауқымды жұмыстар жүргіздік. Қазір адамдарды жоғары сапалы байланыспен қамту аса маңызды, себебі ол жұмыс пен оқуға ғана байланысты емес, сонымен қатар араласу үшін де қажет – адамдар жақындарының қолдауына аса мұқтаж, егер көзбе-көз жолығу мүмкін болмаса, ең боламаса онлайн қарым-қатынас керек. Осы бір күрделі кезеңде адамдардың өмірін жеңілдету үшін, қызметті жетілдіруді жалғастырып жатырмыз», - деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков. 

Beeline карантин кезінде, шетелде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамаларын ұсынып, ТВ көрермендеріне топтамаларды толық ашқанын естеріңізге саламыз. Компания «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларына қосылған қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға карантин кезінде тегін мобильді байланыс берді. Сонымен қатар, байланыстың тегін топтамаларын 16 мыңнан астам медицина қызметкері де алды. Одан бөлек, 287 ресурсқа тегін қосылу мүмкіндігі ашылды, олардың қатарында әлеуметтік, білім беретін сайттар мен университеттердің ресми ресурстары да бар.  
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz