Басты бет / Жаңалықтар

Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола және Түркістан облыстарындағы Beeline мобильді желісін жаңғырту жұмыстары аяқталды!

Техникалық жұмыстардың арқасында Ақмола және Түркістан облыстарында, Астана, Көкшетау, Шымкент және Жетісай қалаларында мобильді байланыс пен интернеттің сапасы жақсарды.

Бұған дейін біз Астана, Көкшетау, Шымкент, Жетісай қалалары мен Ақмола және Түркістан облыстарында Beeline желісінің жабдықтарын жаппай жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлағанбыз.

Жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанда, аталмыш елді мекендердің тұрғындары мобильді байланыс пен интернет жұмыстарында ақауларға кездескен болуы мүмкін еді. Қазір, жұмыс аяқталған соң, Beeline желісі орнықты жұмыс істеп тұр.

Сабырлығыңыз бен сеніміңіз үшін алғысымызды білдіреміз!