2021 жылғы 22 ақпаннан бастап «Мобильді аударым» қызметі жаңа шарттармен көрсетіледі.
Енді теңгеріміңіздегі ақшаны басқа Beeline нөміріне немесе «Үйдегі интернет» логиніне, комиссия туралы еш ойланбастан аудара аласыз! Аудару құны – 0 теңге.
Бір жолғы аударымның ең аз сомасы 50-ден 10 теңгеге дейін азайды, ең көбі 50 АЕК. Бір тәулікте 100 АЕК аударуға болады, бұл орайда соманы бірнеше транзакцияға бөлу мүмкіндігі бар.
Аударымды алушы бір жіберушіден тәулігіне ең көбі 10 аударым қабылдай алады. Алушының теңгерімінде ақша аударылған соң ең көбі 510 000 теңге болуы тиіс.
«Мобильді аударым» қызметін арнайы қосу немесе баптау қажет емес. Мобильді телефоныңызда арнаулы пәрменді теріңіз немесе SMS жіберіңіз.
Толық ақпарат мында.