7 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline телефон теңгерімін толтырудың онлайн жолдарын еске салады. Шексіз толтыруға болатын oplata.beeline.kz корпоративті порталы мен «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасынан бөлек, клиенттер келесі сервистердің кез келгенін пайдалана алады:
Сервис/ Мобильді қосымша (МҚ) |
Айлық шектеу/1 операцияға (теңге) |
Комиссия (%) |
QIWI әмиян |
Шексіз/10 000 |
2 |
Касса 24 әмияны |
500 000-ға дейін (авторизациядан өткен қолданушыларға) |
0 |
Kaspi.kz МҚ |
50 000/10 000 |
0 |
Forte Bank МҚ |
60 000 |
0 |
Сбербанк МҚ |
1 550 000/25 000 |
0 |
Halyk Bank МҚ |
20 000 |
0 |
Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директор Рауан Қабдрахимов: «Мобильді телефон шоты байланыс қызметтерінің ақысын төлеумен шектелмегеніне талай уақыт болды. Бұл – толыққанды электронды әмиян, онымен тауарларды және қызметтерді сатып алуға, оқшаулау кезінде азық-түлік жеткізуге тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, туғандарың мен жақындарыңа қаражатты тегін аудару жолы. Beeline теңгерімі нақты ақшаға ыңғайлы балама болып тұр, әрі ол қауіпсіз және қолдануға ыңғайлы».
Beeline клиенттері «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында тарифтер мен қызметтерін дербес басқарып, есепшот ала алады. Софты алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық абоненті Android және iOS платформаларына жүктей алады.
Бұған дейін – карантин мен ТЖ уақытына - Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды. Тегін байланысқа қол жеткізген дәрігерлер саны 16000 адамнан асты. Сондай-ақ, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берілді. Оған қоса әлеуметтік, ресми және білім беретін 153 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, «Үйдегі Интернет TV» көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр.
Сонымен қатар осы кезеңде, «Жарқын» тариф қатарының абоненттері теңгеріміндегі қаражат жетпесе де, тегін байланысты және Қазнетке қосылу мүмкіндігін пайдалана алады. Осы тәрізді жеңілдіктер үйдегі интернеттің барлық қолданушысына да беріледі. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, айлық төлемді ұстауға қаражат жетпесе де, Kaz және Kz домені бар барлық ресурсқа қосылуға болады.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz