Басты бет / Жаңалықтар

Қазақстандықтар Beeline ұсынған жаңа мобильді қосымша арқылы дәрігерлерге тегін «барады»

16 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан Online Doctor сервисі ашылғанын хабарлайды. Мобильді қосымша үйден шықпай-ақ медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Кеңес беру қызметін әртүрлі бейіндегі құзыретті, сертификаты бар дәрігерлер көрсетеді.

Сервистің ашылуы туралы Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Руслан Ильницкий: «Beeline Қазақстан әлеуметтік жауапты бизнес ретінде, елімізге және еліміздің әрбір тұрғынына індет кезінде көмектесу үшін көптеген іс-шараны атқаруда. Сондықтан серіктесіміз Доктор Онлайн компаниясымен бірігіп, медицина сервисін қашықтан алу қызметін аштық. Бұл сервис төтенше жағдай кезінде Beeline абоненттеріне ғана емес, Қазақстанның кез келген тұрғынына тегін болады. Оның көмегімен, қазір өзекті, үйден шықпай-ақ, чат, видео немесе аудио қоңырау арқылы медицина мамандарынан кеңес алуға болады. Дәрігерлердің онлайн-көмегіне жүгіну саны шектелмеген, бірақ оның өте аз болуын тілеймін. Ауырмаңыздар!».

Online Doctor қосымшасында әрбір қазақстандық тиісті мамандардан тәулік бойы чат/аудио/видео арқылы кеңес, дәрігерлерден ұсыныс пен қажет дәрі-дәрмек тізімін, сондай-ақ емдеу курсы кезінде дәріні қабылдау туралы жадынама алады. Қосымшаны App Store немесе Play Market ресурсынан iOS және Android мобильді платформаларына жүктеуге болады. Толық ақпарат: doctoronline.com.kz

Online Doctor қосымшасы дәрігерге жоспарлы барудың ыңғайлы баламасы. Шұғыл жағдайда (дене қызуы жоғары болса, тыныс алу қиын болса, жөтел қысса және жағдайыңыз күрт нашарлаған басқа жағдайда) 103 нөмірі арқылы бірден жедел жәрдем бригадасын шақырған дұрыс.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz