17 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстандықтардың қалауы бойынша Ресей телеарнасы карантин кезінде көш басына шықты. Beeline ұсынған BeeTV сервисін көруді талдау нәтижесінде, ТНТ бірінші орыннан Хабарды ығыстырды. Оған қоса, спорт арналары алғаш рет ТОП-10 арнаның қатарынан шықты. Бірінші ондықта ойын-сауық, фильм, жаңалық контенттері тұр.
Ең көп көрілетін ТОП-10 арнаға оқушыларға сабақ көрсетуді бастаға Balapan балалар арнасы кірді. Сонымен қатар үздіктер қатарында Euronews, «Киносемья», «Первый канал СНГ» арналары бар.
«Карантин басталғалы бері ТВ топтамаларды тегін аша отырып, көрерменге уақытын отбасымен қызық әрі пайдалы өткізу мүмкіндігін ұсындық. Бұған дейін тек қазақстандық телеарналарға ашық қосылуға болатын, ашылған тегін тізімде шетелдік контент BeeTV-ді көруді екі есе көбейтті. Біз жағдайды қадағалап отырамыз және карантин аяқталған соң да BeeTV-дің қазіргі аудиториясын сақтау мақсатында, алдағы уақытта абоненттерге қызық топтамалар ұсынамыз», - деді Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко.
Енді барлық контентке – фильмдерге, телехикаялар мен телеарналарға толық қосылу мүмкіндігін 56% жеңілдікпен алуға болады. Амал-шарттың атауы - «BeeTV Бәрі қосылған». Осылайша, BeeTV қосымшасы контент саны мен құны бойынша Қазақстанда алғашқы орынға шығады. Қызмет қолданыстағы тариф жоспарына тіркеледі, оны акциялық «Ұтымды микс» және «Қос Шексіздік» тарифтерінен басқа барлық тарифте қосуға болады.
Карантин кезінде «TV 90» және «TV 100+» топтамаларын қолданушылар «Үйдегі Интернет ТV» қызметінің 177 арнасы мен жаңалықтарға және ойын-сауыққа арналған ТОП 30 арнаға BeeTV-де трафик шығындамай қол жеткізе алады.