???analyticsinhead??? ???analyticsinbody???

Ақтөбе тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте 10 теңгеге арзан жүре алады

17 қазан 2019 ж., Алматы қаласы. Beeline Қазақстан Ақтөбе қаласында «#10ТеңгеАрзан» акциясы басталғанын жариялайды. 17 қазаннан бастап, 2019 жылдың соңына дейін Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары қалалық қоғамдық көліктегі жолақыдан үнемдей алады.

Жеңілдікпен төлеу үшін:

1.    Автобус салонындағы көлік коды көрсетілген SMS-ті 2505 нөміріне жіберу керек

2.    Немесе автобус салонындағы QR-кодты тауып, оны «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеу керек.

Төлеген кезде, теңгерімнен 80 теңге ұсталады да, 10 теңге бірден қайтарылады. Осылайша, жолақы 70 теңгені құрайды. Содан соң, абонент электронды билетті SMS хабарлама түрінде алады, оны тиісті жеріне жеткенше сақтау қажет. Жеңілдікпен күніне 2 рет жүруге болады.

«Көлікте мобильді телефон арқылы төлеу заманауи қала инфрақұрылымының бір бөлшегіне айналуда. Өкінішке қарай, барлық қала мұны түсіне бермейді. Ақтөбе, телефон теңгерімінен жолақы төлеу мүмкіндігін ашқан, Қазақстандағы алғашқы қалалардың бірі», - дейді Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Олег Алдошин. «Қызметті іске асырғаны үшін және ақтөбеліктерді қарапайым, ыңғайлы, әрі тиімді сервиспен қуанту мүмкіндігін ұсынғаны үшін қала билігіне алғыс айтамын».

Акция шарттары:

·         Акция Ақтөбе қаласындағы жолақыны төлеуге ғана жарайды;

·         Акцияға Beeline-ның аванстық төлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттері ғана қатыса алады;

·         Теңгерімде ең кемі 81 теңге болуы керек;

·         Акция бойынша әр күні 2 рет жүруге болады;

·         Қызметті жеңілдігіне және оқушы, студенттік тарифтерінің болғанына қарамастан, барлық санаттағы азамат пайдалана алады;

·         Ақтөбе қаласындағы бағыттардың тізімі: 1, 2, 5, 8, 8A, 11, 16, 17, 23, 32, 39, 40, 41, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 49A, 51, 52.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

???chatBotScript???