22 қазан 2019 ж., Нұр-Сұлтан. Beeline, абоненттік құрылғыларды тіркеу қажет екенін ескертеді. Мұны келесі төрт жолдың бірімен жүзеге асыруға болады:
1) *691# пәрменін теріп, нұсқауға сай әрекет ету
2) 6914 қысқа нөміріне қоңырау шалу. Жұмыс уақыты: 09:00-01:00
3) Кез келген Сату және қызмет көрсету кеңсесіне хабарласу
4) http://imei.beeline.kz/ парағында
«Құрылғыны тіркеу – абоненттің міндеті, бірақ біз бейтарап қала алмаймыз, тіркеу жолдарын мейлінше жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Клиенттеріміздің өз жақындарымен байланыста болуы, жұмыс барысындағы мәселелерді телефон арқылы шеше алуы, жалпы, байланысты шексіз пайдалануы біз үшін аса маңызды. Қазақстандықтарды заңға салғырт қарамауға шақырамыз, құрылғының тіркелмеуі - ұялы байланыс операторларының қызметіне қосылу мүмкіндігінің шектелуіне алып келеді» - деді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.
«Байланыс туралы» ҚР Заңы бойынша ұялы байланыс операторларының, деректері сәйкестендіру кодтары дерекқорына енгізілмеген немесе деректері сәйкестендіру кодтары дерекқорына енгізілген деректерге сай келмейтін, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына қызмет көрсетуіне тыйым салынады.
Абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі 2019 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Заңнамаға сай, құрылғысы тіркелген абоненттер ғана байланыс қызметін пайдалана алады. Құрылғыны тіркеу үшін, телефонның, планшеттің, сағаттың және SIM-карта салынатын басқа да кез келген гаджеттің IMEI коды иесіне тіркелуі тиіс.
Нөмірдің тіркелуін тексеру үшін, *835# пәрменін пайдалану керек. Құрылғының кімге тіркелгенін келесі ресми ресурстарда да тексеруге болады:
СКДҚ мемлекеттік сайты: http://imei.rfs.gov.kz/
Beeline-ның тіркеуді тексеруге болатын парағы: http://imei.beeline.kz/
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz